Нұрқанат Серікбаев Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды

Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Ташкентте өтіп жатқан дүниежүзілік Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда тәжірибелі Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинге есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, Нұрқанат Серікбаев бұл жарыс кезінде барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады.

Әуелі БАӘ өкілі Мутаз Хаужахты, одан кейін әзербайжандық Ровшан Алиевті жеңді. Ширек финалда өзбекстандық Дильшотбек Баратовтан басым түсіп, жартылай финалда 2019 жылғы әлем чемпионы, грузиялық Лукуми Чхваимианді иппонмен жеңді.

Бұл - 20 жастағы Нұрқанат Серікбаевтың ересектер арасындағы алғашқы жүлдесі. Ол бұған дейін 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес, Grand Slam жарысының күміс жүлдегері әлемдік рейтингіде 700 ұпайға ие болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі