ҚПЛ-2023: Қазақстан чемпионатында үш команда суырылып, үздіктер қатарына шықты

Сурет: Instagram/fcaktobe_official
9 наурызда Премьер-Лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары басталды. Турнирдің басты фавориттері - "Астана", "Ордабасы" және "Ақтөбе" жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші тур "Жетісу" мен "Астана" футбол клубтарының кездесуімен басталды. 

Еліміздің қазіргі чемпионы Алматы облысының футболшыларын 2:0 есебімен ұтып кетті.

"Астана Арена" стадионында Қарағандының "Шахтері" "Ордабасынан" 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Ойынның 3-ші минутта "Ордабасы" ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев есеп ашты, содан кейін Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген басымдықты екі еселеді. 

Одан кейін "Ордабасы" еншісіне соғылған доптың авторлары легионерлер болды. 67-минутта Мамаду Мбоджи осы кездесудегі үшінші допты қақпаға салды. 

12 минуттан кейін Шохбоз Омаров аталған ойынның нүктесін қойды. Есеп: 4: 1. Шахтер командасына жалғыз ұпайды Айдос Тәттібаев рәсімдеді.

"Ақтөбе" өз алаңында Көкшетаудың "Оқжетпесін" қабылдап, 5:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Екі голды КПЛ-2023 чемпионатының үздік бомбардирлері тізімінің көшбасшысы атанған Алексей Самородов салды. Батысқазақстандықтар құрамында Әлібек Қасым, Ыдырыс Умаев және Ескендір Қырбай бір-бірден гол соқты.

Екінші турдың қалған үш матчы 10 наурызда өтеді. Алда "Каспий" – "Тобыл", "Атырау" – "Қайсар" және "Қызылжар" – "Мақтаарал" командалары кездесіп, өзара бақ сынасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз