Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы кездесуге қатысты өз болжамымен бөлісті.
"Лестер"
Брендан Роджерстың ұйқысы қашқан шығар. Тіпті түсінде де дағдарыстан шығу жолдары туралы ойлайтын болуы керек: бір ай бұрын оның командасы "Тоттенхэмді" 4: 1 есебімен ойсырата жеңген болатын, алайда, сол сәттен бастап оларды сәттілік айналып өткендей болып көрінеді - "МЮ" және "Арсенал" сияқты көшбасшылармен, тіпті тізімдегі аутсайдер "Саутгемптон" сияқты командамен де өткен кездесулері сәтсіз аяқталды. Алда соңғы екі матчта жеңісті қанжығасына байлаған қарсыласпен ойын күтілуде.
"Челси"
"Ақсүйектер" болса өздерін психологиялық тұрғыдан әлдеқайда жақсы сезінеді. Чемпиондар Лигасында Дортмундтық "Боруссиямен" өткен ойындағы жеңіс, командаға өзінің мүмкіндіктеріне деген сенімділігін арттырды. Алайда, "Кинг Пауэрге" сапары, әсіресе лазаретте жарақат алған футболшылар көптігін ескерсек, жеңіл серуен сияқты болмайтыны анық. Солай бола тұра, Поттер жеңістер сериясының жалғасына үміттене алады.
Жеке кездесулер тарихы
"Лестер" соңғы рет "Челсиді" 2 жыл бұрын жеңген болатын. Содан бері бес матчта "көктер" 4 жеңіске жетті, ал "түлкілер" болса тең нәтижеге бір-ақ рет қол жеткізді. Жалпы, бұл клубтардың алаңдағы нәтижесі "Лестердің" пайдасына тым сирек аяқталады - 7 жылда 2 жеңіс.
Матчқа болжам
Жоғарыда айтылғандай, "Челси" ойынды шабуылда біртіндеп өрбітеді: әр өткен матчта Феликс, Хаверц, Стерлинг өздерін сенімдірек сезінетінін байқауға болады. Оған қоса Пулишич жарақаттан кейін қалпына келіп, қатарға қосылды. Сондықтан мен "ақсүйектер" "Кинг Пауэрдегі" шайқаста бір доптан артық гол соғады деген болжам ұсынамын. Менің Parimatch-тегі серіктестерім "Жеке тотал "Челси" 1,5 көп" оқиғасына - 2.05 коэффициентін ұсынады.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне төмендегідей болжам жасайды:
«Лестер» - 3.85, Тең ойын - 3.50, «Челси» - 2.04