Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты

Сурет: Instagram/gggboxcing
Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Головкин маған хабарласып, өздеріңізбен байланысуымды өтінді. Ол WBA нұсқасы бойынша супер чемпион болғанын және өткен жылы Жапонияда орта салмақтағы Риота Муратаға қарсы ойында қос титулды алғанын мақтан тұтады. Геннадий әлі де өнер көрсетуге ниетті болса да, ол келесі жекпе-жекті жоспарлау және ұйымдастыруда маңызды көптеген мәселе бойынша шешім қабылдамады. Эрисланди Лараның жекпе-жекке қатысты берген өтінішінің мерзімі жақындап қалғанын ескере отырып, Геннадий бұл процестің ұзаққа созылуын қаламайтынын жеткізгіміз келеді. Осылайша бұл Геннадий Головкин орта салмақтағы WBA титулынан бас тартатынын білдіретінін айтқымыз келеді", делінген Головкиннің өкілі Джон Хорневердің WBA-ға жазған хатында.

40 жастағы Головкин өз мансабында 42 рет жеңіске жеткен, одан бөлек екі жеңілісі мен бір тең түскен жекпе-жегі тағы бар. 

Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды