Шорт-тректен әлем чемпионаты-2023: Денис Никиша төртінші орынды місе тұтты

Сурет: olympic.kz
Сеулде өткен шорт-тректен әлем чемпионатының финалында ерлер арасында 500 метр қашықтықта сынға түскен қазақстандық Денис Никиша төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионатының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, кестедегі жалпы есеп келесідей:

Пьетро Зигель (Италия) - 41.166 секунд;

Стивен Дюбуа (Канада) - 41.22 секунд;

Йенс ван'т Воу (Нидерланды) - 41.243 секунд;

Денис Никиша (Қазақстан) - 41.424 секунд.

Алғашқы жартылай финалда қазақстандық конькимен жүгіруші жарыс жолын 41,189 секундта игеріп, екінші орынға ие болды. Ол финалда күміс медаль еншілеген канадалық Стивен Дюбуадан кейін мәреге жетті. Финал кезінде қытай спортшы Лин Сяоюнь жарыстан шеттетілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты