Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, 1/4 финалда кездесетін командалар жұбы анықталды

Сурет: Instagram/championsleague
Швейцарияның Ньон қаласында осы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалында өнер көрсететін Еуропаның ең мықты сегіз футбол клубының қайсы қайсымен ойнайтынын анықтау үшін жеребе тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеребеге сәйкес, жұптар құрамы келесідей:

"Реал" (Испания) - "Челси" (Англия).

"Интер" (Италия) - "Бенфика" (Португалия).

"Манчестер Сити "(Англия) - "Бавария" (Германия).

"Милан" (Италия) - "Наполи" (Италия).

Алғашқы кездесу 13 сәуірде, ал жауапты ойын бір аптадан кейін 20 сәуірде өтеді. Чемпиондар лигасының жартылай финалы 2023 жылдың 11 және 18 мамырына жоспарланған.

Чемпиондар лигасының финалы 10 маусымда Ыстамбұлда өтеді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады