Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін үш отандасымыз рингке шығады

Сурет: Instagram/balkibekovaas
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін әлем чемпионатының жүлдегерлері Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова және Рябец алғашқы кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда Алуа Балқыбекова сингапур боксшысы Кей Ван Чи Ваймен, Жайна Шекербекова (54 келі) Е Чжи Иммен (Оңтүстік Корея), ал Надежда Рябец осы елдің тағы бір өкілі Сен Суджинмен (66 келі) жұдырық түйістіреді.

Олар рингке Астана уақыты бойынша 14:30-да басталатын күндізгі сессияда бірінші, сегізінші және оныншы болып рингке шығады. Тікелей эфирді "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.

Қазақстан құрамасының 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысатын боксшы қыздарымыздың тізімі: Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Надежда Рябец (66 кг), Мадина Нұршаева (70 кг), Валентина Халзова (75 кг), Фариза Шөлтай (81 кг), Ләззат Күңгейбаева (+81 кг).


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды