Бокстан ӘЧ-2023: Алуа Балқыбекова қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы Алуа Балқыбекова Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Барлық қазақстандықтарға Үндістаннан үлкен сәлем! Менің алғашқы жекпе-жегім аяқталды. Құдайға шүкір, жеңіске жеттік. Мені қолдаушы барлық жанкүйеріме, туыстарыма және достарыма алғыс айтамын! Өздеріңіздің қолдауларыңыздың, Алла Тағаланың және жаттықтырушыларымның арқасында бүгін жеңіске жеттім! Келесі жекпе-жектерде қыздарға жеңіс тілеймін. Өздеріңіздің арқаларыңызда біз, бір команда ретінде жеңістерге қол жеткіземіз. Рақмет!", деп Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Балқыбекованың сөзін келтіреді.

Айта кетсек, алғашқы жекпе-жекте Балқыбекова Сингапур өкілі Кей Ван Чи Вайды 5:0 есебі бойынша айқын басымдықпен ұтты. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды