Елена Рыбакина ресми түрде әйелдер арасында әлемнің жетінші ракеткасы атанды

Сурет: ktf.kz
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турниріндегі жеңісі жөнінде пікір білдірді. Ал 20 наурыз күні таңертең ол алғаш рет әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 наурызға қараған түні Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалында әлемнің екінші ракеткасы беларусь қызы Арина Соболенкомен кездесті. Кездесу 7:6, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Бұл атақ біздің теннисшімізге әлемнің жетінші ракеткасы атануға мүмкіндік берді, қазір оның қоржынында 3720 ұпай бар.

"Таңғажайып сезім, мен үшін Индиан-Уэллс кортарында өткен екі апта қиын, бірақ өте жақсы болды. Бірінші сетте Арина екеумізде де мүмкіндік болды, бірақ нәтижесінде мен жеңіске жеттім. Менің ойымша, бірінші ойын маңызды болды, содан кейін біршама жеңілдеді. Тай-брейк шынымен де эпикалық болды. Мұнда тек әр ұпайға назар салып, соңына дейін күресу керек болды. Елена Рыбакина


Рыбакина бұған дейінгі төрт кездесуінің барлығында беларусьқа есе жіберген. Ал Елена Аринаны алғаш рет жеңді.


Соболенко да, Рыбакина да марапаттау рәсімінен кейін бірден Майами корттарына тағы бір турнирге аттанды. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр