Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының ең жеңіл боксшысы (48 келі) Алуа Балқыбекова үндістандық Ниту Нитуге қарсы өткен жартылай финалдық жекпе-жекте жеңіске жете алмады.

Жергілікті жанкүйерлердің қызу қолдауы мен төрешілердің көмегі отандасымызды финалдан тыс қалдырды. 

"Үшінші орын алдым, қолымнан келгенше бокстасуға тырыстым. Бұған дейінгі әлем чемпионатында бұл қызды 1/4 финалында жеңген едім. Бүгін, өкінішке қарай, жеңілдім. Бұл жаққа "алтын" үшін келген болатынмын. Өкінішке қарай, нәтижеміз осындай болды. Бапкерлердің айтқанын істеуге тырыстым. Қолдағанның бәріне рақмет айтқым келеді". Алуа Балқыбекова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты