Допты хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласады

Сурет: instagram.com/drs_kz
Қазақстандық бендишілер Швецияның оңтүстігіндегі Векше қаласында өтіп жатқан 42-әлем чемпионатында А тобында өнер көрсетіп, 4-орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді 1 және 2-орын алған Швеция мен Финляндия финалда бас жүлдені сарапқа салады. Ал Норвегия мен Қазақстан құрамасы қола жүлдегерді анықтайды.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар – Бержан Ахметжанов пен Вячеслав Горчаков.

Ойыншылар – Рауан Исалиев (капитан), Еламан Әліпқалиев, Ершат Амангелдиев, Нұрбол Бөкешов, Ескендір Нұғманов, Петр Грибанов, Денис Максименко, Болат Мұхит, Дәурен Оралов, Антон Свешников, Никита Яров, Самат Аманшин, Қуаныш Теміралин, Сұлтан Қадыржанов, Евгений Медведев, Максим Утибалиев;

Бендиден еліміздің ерлер құрамасы 21 рет әлем чемпионатына (алғаш рет 1995 жылы) қатысқан. Осы аралықта 6 мәрте қола жүлдеге ие болды. 2012-ден 2015 жылға дейін үздік үштіктен түспеді. Жалпы допты хоккейден дүниежүзі чемпионаты елімізде 2012 жылы Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында өткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды