Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы допинг дауына қатысты түсінік берді

Сурет: Twitter/WorldAthletics
Жеңіл атлетика федерациясы қазақстандық жеңілатлет, әлем чемпионы Нора Джерутоны допингке қарсы ережені бұзды деп айыпқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Athletics Integrity Unit (AIU), World Athletics еншілес ұйымы, спортшы Нора Джерутоны қан сынамалардың айғақтары негізінде допингке қарсы ережені бұзды деп айыптады. Допинг сынамасын зерттеу кезінде спортшының ағзасында тыйым салынған заттар табылмады, алайда гематологиялық профилінде өзгеріс тіркелді. AIU сарапшыларының пікірі бойынша, бұл өзгерістер тыйым салынған заттар немесе әдістерді қолдану мүмкіндігіне көрсетеді". Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы
Нора Джеруто AIU комиссиясына халықаралық дәрігерлердің растап берген қорытындысы мен медициналық құжаттардың толық пакетін берген. 
"Бұл тұжырымдар допинг немесе ЭПО инъекцияларын қолдану емес, өткен аурулардың салдарынан болған спортшының биологиялық паспортындағы өзгерістерді толық түсіндіреді. AIU комиссиясы мәселе толық анықталғанша және түпкілікті шешім қабылданғанша спортшы Нора Джерутоны кез келген жарыстарға немесе іс-шараларға қатысудан уақытша шеттетеді". Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы
Жеңіл атлетика федерациясы сонымен бірге Нора Джерутоның жүкті болғаны себепті биылғы күзге дейін жарыстарға қатысуды жоспарламағанын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі