Халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына қанша мөлшерде сыйақы төленеді

Сурет: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Жазғы, қысқы олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында бірінші орын алғандар 250 мың доллар, екінші орын алғандар 150 мың доллар, үшінші орын алғандар 75 мың доллар алады деп белгіленді.

Бұл ретте сыйлықақылар 4,5 және 6 орын үшін де төленеді.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнатқандарға 5 мың доллар сыйақы бөлек төленеді.

Ересектер арасында олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатында  бірінші орын алған спортшыға 15 мың доллар, екінші орын алған спортшыға 7 мың доллар, үшінші орын алған спортшыға 5 мың доллар сыйақы төленеді.

Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиадада бірінші орын үшін 15 мың доллар, екінші орын үшін – 10 мың доллар, үшінші орын үшін – 5 мың доллар төленеді.

Құжат 24 сәуірге дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады