Елена Рыбакина Stuttgart 2023 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Сурет: instagram.com/wta/
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина алғашқы ойында германиялық теннисші Юле Нимайермен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 30 минутқа созылды.

Матч кезінде Елена тоғыз рет эйс, бір рет қос қате жасады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры - 780 000 АҚШ доллары, ал жеңімпазға 120 000 АҚШ доллары, 470 рейтингтік ұпай және Porsche автокөлігі сыйға беріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарындағы екінші қола медалін жеңіп алды

Ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді