Грекияда оқушылар арасында өткен әлем чемпионатында екі шахма тшымыз чемпион атанды

Сурет: Instagram/drs_kz
14-22 сәуір аралығында Грекияның Родос қаласында мектеп оқушылары арасында өткен шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлде саны жағынан 1-орын (2 алтын, 2 күміс, 5 қола) алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

G09, яғни 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасында классикалық шахматтан Аланна Берікқызы швейцариялық жүйе бойынша 9 партияның сегізінде жеңіске жетіп, чемпион атанды, деп жазды kazsports.kz. 

Ол  шешуші матчта негізгі қарсыласы моңғолиялық Целмуун Идерден (8 ұпай) басым түсті. Қазір Аланна Берікқызы G09 бойынша FIDE рейтингінде 1-орынға көтерілді.

Ал екінші чемпионымыз Әмина Қайырбекова 17 жасқа дейінгі санатта 8 кездесуді ұтып, түркиялық Зейнеп Чифтиннен (7,5 ұпай) басым түсті. 

Нұрәлі Нуршин (U07 жас санаты, 7,5 ұпай) мен Айсұлтан Бисалиев (U09 жас санаты, 7) күміс жүлдегер атанса, Ризат Ұлан (U07 жас санаты, 7 балл), Әлімжан Жауынбай (U09 жас санаты, 7 ұпай), Данис Қуандықұлы (U11 жас санаты, 6,5), Эдгар Мамедов (U13 жас санаты, 7), Далия Диасқызы (G11 жас санаты, 6,5) қола жүлдеге ие болды.

Жүлде саны жағынан 2-орынға Түркия (3 алтын, 2 күміс, 2 қола) жайғасса, үздік үштікті Моңғолия (2 алтын, 3 күміс, 1 қола) түйіндеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет

"Челси" Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жариялады

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі