Қазақстандық шахматшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Сурет: ҚР Шахмат федерациясының баспасөз қызметі
15 жастағы Алдияр Аңсат 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін өткен матч аясындағы Қазақстан Республикасы кубогының бірінші кезеңі — Kazakhstan Chess Cup 2023-те жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

22-30 сәуір аралығында Астанада шахматтан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтті. қазақстандық шахматшы Алдияр Ансат жеңімпаз атанды, деп мәлімдеді Қазақстан шахмат федерациясы.

"Тартысты өткен ойын барысында турнирдегі жеңіс 15 жастағы қазақстандық шахматшы Алдияр Ансатқа (FIDE рейтингі – 2317) бұйырды. Бәсекеде жас шахматшы кубокқа қатысқан бірқатар атақты гроссмейстерлерді жеңе білді. Турнир барысында Алдияр 7,5 ұпай жинады". Шахмат федерациясының баспасөз қызметі

Екінші орынды Арменияның шахматшысы Шант Саргсян иеленсе, үшінші орын украиналық Александр Моисеенкоға бұйырды.

"Әйелдер арасында бірінші орынды екі апта бұрын Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасының әлем әйелдер құрамасына қарсы өткен турнирінде өзін жарқын танытқан алматылық әйелдер арасындағы халықаралық шебер Алуа Нұрманова иеленді. Екінші орын шымкенттік Аяулым Қалдароваға бұйырса, үшінші орынға астаналық Әмина Қайырбекова тұрақтады". Федерацияның баспасөз қызметі

Турнир матчтарына әлемнің 16 елінен 167 шахматшы қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?