Бокстан ӘЧ-2023: Санатәлі Төлтаев 1/16 финалда қарсыласына жол беріп қойды

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Ташкентте (Өзбекстан) бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатының төртінші күнінде Санатәлі Төлтаев қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Санатәлі Төлтаев Маврикий елінің боксшысы Ришарно Колинмен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен Африка өкіліне жол берді. Осылайша, әлем чемпионатында екінші боксшымыздың меселі қайтты. 

3 мамырда төрешілердің даулы шешіміне сай, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Талғат Сырымбетов те жарыс жолынан шығып қалған болатын. Ол үш раунд бойы қарсыласын төпелеумен болды, бірақ төреші  2022 жылғы Азия чемпионы, иорданиялық Абужаджехо Мұхаммедтің қолын көтерді.


4 мамырда әлем чемпионатының кешкі сессиясында тағы бір боксшысымыз өнер көрсетеді. 1/16 финалда 92 келіден астам салмақ дәрежесінде біздің құрама көшбасшыларының бірі, Олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады. Ол ресейлік боксшы Алексей Дроновпен қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жектің басталуы: Астана уақыты бойынша сағат 21: 00-ден кейін.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды