Александр Бублик Франциядағы ірі турнирдің ширек финалына жолдама алды

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жүлде қоры 200 мың евроның құрайтын Францияның Экс-ан-Прованс қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик ширек финалға таласта ATP рейтингісінде 114-ші орынға ие финляндиялық теннисші Отто Виртаненнен мықтырақ болып шықты. Жеңіске жету үшін Бублик 1 сағат 12 минут уақыт жұмсады. Екі партия есебі - 6: 4, 6: 4.

Ал турнирдің басында Қазақстан құрамасының көшбасшысы итальяндық Рикардо Бонадионы 7:6, 7:5 есебімен ұтты.

Енді жекелей сында жартылай финалға шығу үшін ол әлемнің 241-ші ракеткасы - 21 жастағы француз теннисшісі Харольд Майомен бақ сынайды. Өз кезегінде ол "Челленджер" фавориттерінің бірі – америкалық Брэндон Накашимді сан соқтырды.

Осы жарыстардағы екінші жеңісі үшін Александр Бублик 32 рейтинг ұпайы мен 5 500 евро жүлдеге ие болды (шамамен 2 700 000 теңге).

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты