Арли Чонтей ауыр атлетикадан 2023 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сурет: Instagram/drs_kz
Чинджу қаласында (Оңтүстік Корея) басталған ауыр атлетикадан құрлық біріншілігінде қазақстандық Арли Чонтей қола жүлдені жеңіп алды. Ол 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық зілтемірші 2023 жылғы Азия чемпионатында Қытайдың екі өкіліне жол беріп, үшінші орын алды. Жұлқа көтеруде 117 келі салмақтағы зілтемірді көтерген Арлиге тең келер ешкім болмады. Одан әрі серпе көтеруде оны үш қарсыласы басып озып, 4-орынға (141 келі) ие болды.

Жұлқа көтеруде жақсы өнер көрсеткен Арли жалпы есепте 258 келімен жеңіс тұғырында 3-орынға көтеріле алды.

Арли Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен Азия чемпионатында (116+144=260 келі) күміс жүлдегер атанды. Ал 2020 жылы Ташкентте чемпион атанды.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған