Әбілхан Аманқұл Сауль Альварестің бокс кешінде мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Сурет: Instagram/amankul.abilkhan
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Сауль "Канело" Альварестің бокс кешіндегі андеркардта өнер көрсетті. Екінші раундта ол қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті деп хабарлайды Zakon.kz.

Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустомен қолғап түйістірді. Жекпе-жек супер жартылай салмақта өтті және ол 8 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, ойынды мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Әбілхан Аманқұл кәсіби рингтегі 4-ші жеңісіне қол жеткізді. 

Аманқұл - 2017 жылғы Әлем чемпионатының және 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Ол 2017 жылы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Қазір ол өзінің тәлімгері Эдди Рейносоның жетекшілігімен Саул Альварестің залында жаттығады.

Айта кетсек, 6 мамырда Ташкентте бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екі боксшысы өнер көрсетті. Дулат Бекбауов пен Асланбек Шымбергенов те жеңіске жетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз