"Канелодан" кейін шаршы алаңға шыққан Бек Нұрмағанбет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады

Сурет: Instagram/nurmaganbet.bek.kazbekuli
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Сауль "Канело" Альварестің қатысуымен өтетін Сапопандағы (Мексика) бокс кешінде шаршы алаңға шығып, өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрмағанбеттің қарсыласы Венесуэла өкілі Архенис Эспанья болды. Олардың супер орта салмақтағы жекпе-жегі сегіз раундқа жоспарланған болатын, бірақ ол көпке созылмады, екінші үш минутта нокаут тіркеліп, жерлесіміз жеңіске жетті. Осылайша, Бек кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді, ал Эспанья өз мансабындағы екінші жеңілісін тіркеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетсек,  Әбілхан Аманқұл Сауль "Канело" Альварестің бокс кешіндегі андеркардта өнер көрсетіп, мексикалық Фабиан Риос Фраустоны екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, ойынды мерзімінен бұрын аяқтаған еді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты