Бокстан ӘЧ-2023: Дулат Бекбауов та жартылай финалға жолдама алды

Сурет: видеодан алынды
Қазақстан боксшысы Дулат Бекбауов Ташкентте (Өзбекстан) бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/4 финалда Бекбауов мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен жұдырық түйістіріп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Дулат Бекбауов Әлем чемпионатының жартылай финалисі атанып, кем дегенде қола медальдан үмітті.

Айта кетсек, Дулат Бекбауов 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, ол өткен жылы  "Кіші әлем чемпионатында" ("Странджа" Кубогы) күміс медаль иеленген болатын. Оның қарсыласына келетін болсақ, Мигель Анхель Мартинес беделді "Алтын белбеу" турнирінің жеңімпазы.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды