Нұрбек Оралбай Қытайдың этникалық қазағымен "алтынға" таласатын болды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық әуесқой боксшысы Нұрбек Оралбай Ташкентте бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай ресейлік Имам Хатаевпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, өткен жылы Азия чемпионатында қола жүлдегер, ал 2018 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған жерлесіміз финалға шығып, Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен алтын медальға таласатын болады.

Айта кетсек, бұған дейін Ташкентте бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) және Дулат Бекбауов (67 келіге) шыққан болатын. 

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды