Франция 2024 жылғы жазғы Олимпиада алауын Эйфель мұнарасына орнатуды ойластырып жатыр

Сурет: unsplash
2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Франция астанасының басты көрікті жері Эйфель мұнарасына Олимпиада алауын орнату нұсқасын жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл жоба бойынша кейінгі екі жылда дайындық болып жатыр. Бірақ тапсырманы орындау барысында кейбір қиындықтар бар. Олардың ең маңыздысы – техникалық себептерге байланысты Эйфель мұнарасының ең жоғарғы жағында орнатылған антенналардың кесірінен отты қою мүмкін еместігі.

Сонымен қатар 2024 жылғы Олимпиадада от осы нысанда жағылатын-жағылмайтыны әлі белгісіз.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының алауы 8 мамырда Грециядан Жерорта теңізі арқылы 10 күндік саяхаттан кейін "Белем" қайығымен Марсель портына келеді.

Париждегі жазғы ойындар 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды