Душанбеде өткен Гран-приде дзюдошы Ерасыл Қажыбаев қола жүлдегер атанды

Сурет: Instagram/kaz_judoteam
Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан әлемдік Гран-при-2023 сериясының кезекті турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола медаль салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

100 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев қола жүлденің иегері атанды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ауыр салмақтағы балуанымыз Польшадан келген спортшы Каспер Сзуровскийді ұтты.

Ал осы жарыстың алғашқы күні тағы бір қазақстандық Сұңғат Жұбат (66 келі) қола жүлдегер атанды. Өкінішке қарай, бұл екі медаль дзюдошыларымызға Гран-придің үздік командалары арасында үздік үштікке кіруге мүмкіндік бермеді.

Тәжікстанда өткен Гран-при кезеңінің қорытындысы бойынша командалық есепте ресейліктер жеңімпаз атанды, олар 11 медаль жеңіп алды, оның ішінде 5 алтын, 4 күміс және 2 қола. Татами иелері екінші орынды (3-3-1) еншілесе, үздік үштікті Германия құрамасы (1 алтын және 2 күміс) жапты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды