Елена Рыбакина әлем рейтиңіндегі үшінші орнын сақтап қалды

Сурет: Zakon.kz
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Жекелей сында Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина үшінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берлинде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші раундында жеңілгеніне қарамастан, Қазақстанның бірінші ракеткасы рейтингтің үшінші қатарын сақтап қалды. Бірінші орында бұрынғысынша Польша өкілі Ига Святек, екінші орында белорус Арина Саболенко.

26 маусымдағы WTA рейтингі:

Жұптық сайыста Анна Данилина 24-орында, Жібек Құламбаева 197-орында.

26 маусымда Елена Рыбакина Истборндағы (Ұлыбритания) турнирде ойнайды. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы - бұл жарыстың басты фавориті. Алғашқы айналымда Рыбакина қытайлық Ван Сиюмен (рейтингте 75-орын) кездеседі.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты