"Астана" велоклубы "Тур де Франс-2023" жарысына қатысатындардың тізімін жариялады

Сурет: Instagram/astanaqazaqstanteam
Astana Qazaqstan Team 1 шілдеде басталатын әйгілі "Тур де Франс" жарысында Қазақстанның намысын қорғайтын сегіз велошабандоздың есімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық велоспортшылар жарыс жолына сегіз шабандоздан тұратын ең мықты команданы шығарады, олардың көшбасшысы атақты спринтер Марк Кэвендиш пен Алексей Луценко болады. Британдық велошабандоз спорттық мансабында Францияның Гранд турына 14-рет қатысады. Кавэндиш үздік шабандоздың жасыл жейдесін екі рет жеңіп алды.

Француз турының жекелеген кезеңдерінде жеңіске жету үшін арнайы дайындық барысында "Астана" командасы тағы бір атақты спортшы, Кавэндиштің серіктесі Марк Реншоуды шақырды.

Велокоманданың тағы бір көшбасшысы әрі капитаны Қазақстан чемпионы – өткен аптада республикалық спартакиадада жекелей және топтық жарыста жеңіске жеткен Алексей Луценко болмақ.

Марк пен Алексейден бөлек, Джанни Москон (Италия), Харольд Техада (Колумбия), Евгений Федоров (Қазақстан), Кейс Бол (Голландия), Давид де ла Крус (Испания) и Луис-Леон Санчес (Испания) сынға түседі.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды