Анна Данилина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты

Cурет: wimbledon.com
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина тәжірибелі француз теннисшісі Николас Маюмен бірге Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымда қазақ-француз дуэті Ресей-Италия өкілдері Людмила Самсонова мен Андреа Вавассориді жеңді. Үш сетке созылған кездесу 2 сағат 14 минутта аяқталды, матч 7:6 (7:4), 4:6, 7:6 (10:8) есебімен аяқталды.

Анна Данилина мен Николас Маю жартылай финалға шығу үшін Мате Павич (Хорватия) пен Людмила Киченокпен (Украина) ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакинаның ширек финалда кіммен ойнайтынын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз