Мәдениет министрлігі Бейбіт Шүменовтің басынан өткен жайтқа қатысты пікір білдірді

Сурет: Instagram/beibutshumenov
Астанада өткен іс-шаралардың бірінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов бокстан әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке қатысты елордалық СОО-ның бірінде болған жанжалға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бізде бекітілген спорт әдебі деген бар. Бұл бағытта спортшылармен, жаттықтырушылармен және ұлттық құрама мүшелерімен тұрақты түрде жұмыс жүргізіліп отырады. Сондай-ақ біз идеологиялық жұмыстарды да жүргіземіз. Біз Бейбіт Шүменовке қатысты ақпараттан қанықпыз. Бұл мәселе құқықтық деңгейде шешіліп жатыр. Әрине, мұндай әрекеттерді еш қолдамаймыз, - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар қоғамға үлгі болуы керек.

Әлеуметтік желіде кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің сауда орталығында қолында баласы бар ер адамды ұрған видеосы тарады. Кейін боксшы аталған оқиғаға қатысты түсінік берді. Сөйтсе боксшы шетелде тұратын баласын Отанына ертіп келіп, қыдыртып жүрген. Ойын алаңында спортшының баласын өзге бір бала (қолына кішкентай бала ұстаған ер адамның үлкен баласы, ол видеода көрінбейді) арқасынан ұрып, аяғынан сүйреген көрінеді. Мәселенің анық-қанығын білу кезінде аталған жайсыз оқиға орын алған. Полиция бөлімшесінде бала ұстаған ер адамның Қазақстанда заңсыз жүргені белгілі болған. Ал ерекше баланың анасы, керісінше боксшыдан кешірім сұрап, тараптар жақсы тарқасқан. Алайда, спортшының айтуынша, осы жайтты ушықтырғысы келетін үшінші бір тарап пайда болғанға ұқсайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды