Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов Бангкокта (Тайланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол шарболат лақтырудан Қазақстан намысын қорғады.

Үштөбенің (Алматы облысы) тумасы Иван Иванов бағындырған 19,87 метр оған жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі. Осылайша ол жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші медальды салды. 


Сурет: Instagram/drs_kz


Азия біріншілігінің бірінші күні 10 000 метр қашықтықта жүгіріп, мәреге екінші болып келген Шедрак Коеч Кимутай ерекшеленді. Содан кейін Кристина Овчинникова алтын медаль еншіледі, ал Елизавета Матвеева екінші нәтиже көрсетті. Екі спортшы да "биіктікке секіруден" жақсы нәтиже көрсетті. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді