UFC: Азат Мақсұм америкалық файтерді жеңіп кетті

Сурет: видеодан алынды
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC-дегі дебютін сәтті өткізді. Ол америкалық Тайсон Намға қарсы өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Vesti.kz мәліметінше, ең жеңіл салмақтағы кездесу турнирдің басты ойындары аясында өтті. Жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілердің берген дауысының нәтижесінде бұған дейін шаршы алаңда жеңіліп көрмеген отандасымыз жеңіске жетті: 29:28, 28:29, 29:28.

28 жастағы Мақсұмның бұл - 17 кәсіби жекпе-жектегі 17-ші жеңіс. Енді оның есебінде жеті рет "қарсыласының өз еркімен берілуі", бес нокаут және қазылар шешіммен келген тағы бес жеңіс бар. UFC-дегі сегізінші жекпе-жегін өткізген 39 жастағы Намға келетін болсақ (3-5), бұл - оның мансабындағы 14-ші  жеңілісі. Оның үстіне, ол бес жыл бұрын, UFC-ге келер алдында тағы бір отандасымыз Жалғас Жұмағұловтан ұтылып қалған еді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды