"Интер Майами" клубы Лионель Мессидің өз командасы сапына қосылғанын мәлімдеді

Сурет: intermiamicf.com
АҚШ-тың "Интер Майами" MLS клубы ресми түрде Лионель Мессимен келісімшарта отырғанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лионель Мессимен жасалған келісімшарт 2025 жылдағы ойын маусымы аяқталғанша өз күшінде болатыны да нақтыланады.

"Бұл қадамыма өте қуаныштымын. Бұл - фантастикалық мүмкіндік, өздеріңізбен бірге керемет жобалар түземіз деп сенемін. Жаңа командама үлес қосатын кезеңді асыға күтемін", - деп клбутың ресми сайты аргентиналық форварттың сөзін келтіреді.

35 жастағы аргентиналық соңғы екі маусымда Францияның "Пари Сен-Жермен" клубында ойын көрсетті. Ал өткен жылы Аргентина құрамасымен бірге Әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Өткен маусымда ол 41 ойында 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Француз командасы сапындағы 75 ойында 32 голдың авторы атанып, 35 нәтижелі пас бере алды.


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз