Эдуард Ким су спортынан 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Эдуард Ким Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан су спортынан әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким көркем жүзуден (жеке) жарыста қола медаль жеңіп алды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. Финалда біздің спортшымыз 216 ұпай жинап, үшінші орынды еншіледі. Алтынды испандық Фернандо Диас Рио Сото 224, 555 ұпаймен, күміс жүлдені америкалық Кеннет Гаудет 216, 800 ұпаймен жеңіп алды.

Ерлер арасындағы техникалық солода Эдуард Ким бесінші орындыиеленіп, финалға жолдама алды, онда ол үздік үштікке кіре алды.

Спортшының жеке бапкері Жанна Демченконың айтуынша, жақында Эдуард 18 жасқа толады.

Сурет: olympic.kz

Әлем чемпионаты 14 шілдеде Жапонияның Фукока қаласында басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар жүзу, су добы, ашық суда жүзу, суға секіру және көркем жүзу бойынша 74 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстаннан әлем чемпионатына спорттың төрт түрінен 50 спортшы аттанды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды