Месси "Интер Майамидегі" алғашқы жаттығуынан фото жариялады

Сурет: Instagram/leomessi
Жақында америкалық "Интер Майами" клубына ауысқан аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси жаңа командадағы алғашқы жаттығуы кезінде түскен суретін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Месси 19 шілдеде Instagram парақшасында "Интер Майамидегі" алғашқы жаттығуы кезінде түскен суреттерін жариялады. Суреттен аргентиналық футболшы бабында екенін әрі жаңа командада дебют жасауға дайын екенін аңғаруға болады.

Келісімшарт бойынша Лионель Месси "Интер Майамиде" 2025 жылдың соңына дейін ойнайды, оған бір маусымда 60 миллион долларға дейін жалақы төленеді. Ол америкалық клуб сапындағы алғашқы ойынын 21 шілдеде өткізеді деп жоспарланған. Месси алаңға мексикалық "Крус Асуль"  командасына қарсы ойында шығуы керек.

Бірнеше күн бұрын Месси Майамидегі стадионда "Интер" жанкүйерлеріне таныстырылды. Бұған дейін спортшы жаңа клубтың құрамындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, медициналық тексеруден сәтті өткен.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз