Шотландияда өтетін велоспорттан әлем чемпионатында Қазақстанның намысын 18 шабандоз қорғайды

3-13 тамыз аралығында Глазгода (Шотландия) велоспорттан әлем чемпионаты өтеді. Онда Қазақстанның намысын Astana Qazaqstan Team көшбасшысы Алексей Луценко бастаған 18 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионаты велоспорттың барлық қолданыстағы пәндерін бір жарысқа біріктіруімен ерекшеленеді. Тас жолда Қазақстан құрамасының намысын Алексей Луценко, Евгений Федоров, Игорь Чжан, Глеб Брусенский, Дмитрий Груздев, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова және Фаина Потапова қорғайды.

"Андерс" категориясында қазақстандық жастар Андрей Ремхе, Максим Тараскин, Ильхан Достиев, Егор Стрельников, Никол Винокуров және Руслан Алиевтің құрамында өнер көрсетеді.

Тректегі жарыстарда Қазақстанның намысын Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Артем Захаров және Рамис Дінмұхаметов қорғайды.

Бір жыл бұрын Воллонгонгта (Австралия) өткен әлемдік жарыстан қазақстандық Евгений Федоров Отанына алтын медальмен оралды. Ол 23 жасқа дейінгі шабандоздар арасында теңдесі жоқ, 169,8 шақырымдық топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесті.

Үш күн бұрын Испаниядағы Circuito de Getxo жарысында чемпион атанған "Астананың" көшбасшысы әрі капитаны Алексей Луценко 2023 жылғы әлем чемпионатына барады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: