"Астана" Чемпиондар лигасындағы ойынын аяқтады

Сурет: Instagram/fca.astana
Қазақстандық "Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында Загребтің "Динамосынан" жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада өткен кездесу 2:0 есебімен "Динамоның" пайдасына шешілді. 24-минутта Махир Эмрели астаналық клубтың қақпасына гол соқса, 89-минутта Антонио Марин екінші голды салды. 

Осылайша, "Астана" Чемпиондар лигасынан шығып қалды: бірінші ойында "Динамо" 4:0 есебімен жеңіске жетті. Енді "Астана" Еуропа лигасында өнер көрсетеді, оның үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы болгариялық "Лудогорец" болады.

Загребтің "Динамосына" келсек, хорватиялық клуб Чемпиондар лигасының үшінші турында Грекияның АЕК командасымен кездеседі. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды