Германия Гран-приі мәресіне жетті: қазақстандық балуандар бес медаль жеңіп алды

Сурет: instagram.com/drs_kz/
Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Германия Гран-приі мәресіне жетті. Осымен 38-рет ұйымдастырылған додаға 23 мемлекеттен балуандар жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Халықаралық турниріде ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Жарақатына байланысты біраз үзіліс алған Айдос Сұлтанғали (60 келі) екі күн бойы қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыз финалда америкалық Ильдар Хафизовты 6-5 есебімен ұтты.

Финалға шыққан тағы бір қазақстандық балуан 55 келідегі Марлан Мұқашев күміс жүлдегер атанды. Айналмалы жүйе бойынша өткен сында жарыс қожайыны Фабиан Шмитт топ жарды.

Ал 67 келіде Мейіржан Шермаханбет, 72 келіде Ибрагим Магомадов, 77 келіде Демеу Жадыраев және 130 келіде Әлімхан Сыздықов үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Мейіржан Шермаханбет пен Ибрагим Магомадов былтыр алған жарақатынан кейін  жарысқа енді қатысып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін