Ризабек Айтмұхан күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Сурет: instagram.com/qaz_olympics
Ұлттық құрама палуаны Ризабек Айтмұхан Иордания астанасы Амман қаласында басталған күрес түрлерінен жастар арасындағы (U20) әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

92 келі салмақта күресетін отандасымыз алғашқы белдесуінде қырғыз спортшысы Нурболот Адылуулуды, сосын канадалық Самуэль Перейраны ұтты.

 Жартылай финалда грузиялық Георгий Ромелашвилиді таза жеңіп, финалға шыққан.

Ақтық айқаста ирандық Мохаммадмобин Голомалимиге жол берді.

Айта кетейік, Ризабек биыл Алматыда өткен еркін күрестен ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында топ жарған.

Осыдан кейін Астанадағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл – біздің палуандардың Аммандағы додадағы алғашқы жүлдесі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды