Бақытжан Әбдірахманов әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

Сурет: zakon.kz
Загребтегі (Хорватия) Гран-при жарысында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың екінші күнінде Бақытжан Әбдірахманов үздік үштіктен көрінді. Ол ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті.

Ол жұбаныш финалында тәжірибелі дзюдошы, косовалық Акил Киякованы вазари ұпайымен ұтты.

Бақытжан Әбдірахманов жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады.

Іріктеу кезеңінде Венгрия және Франция спортшыларынан, жұбаныш белдесуінде түркиялық дзюдошыдан басым түсті.

Айта кетейік, жарыстың бірінші күнінде Айболат Ыстыбай (66 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінген еді. Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлемдік бәсекеде 83 елден 500-ден астам татами шебері бақ сынап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды