Ислам Сәтбаев Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Әзербайжан астанасы Бакуде ISSF аясында оқ және стенд атудан 53-ші лицензияға әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайысқа әлемнің 100 елінен 1 500-ден астам спортшы қатысып жатыр. Оның арасында Қазақстан атынан 50 мықты мерген бар.

Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің Штаттық командаларын даярлау орталығының спортшы-нұсқаушысы ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Ислам Сәтбаев ерлер арасында "10 м-ден пневматикалық мылтықтан оқ ату" жаттығуының финалында төртінші орынға ие болып, олимпиадаға лицензия алды. Бұл жаттығуда швед атқышы Виктор Линдгрен (251,3 ұпай) жеңімпаз атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 ұпай) күміс жүлдеге, чех атқышы Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен қолаға ие болды.

Бұл жаттығуда Париж олимпиадасына барлығы 4 жолдама берілді. Сонымен қатар, алматылық атқыш Ислам Сәтбаев 632,7 ұпай жинап, Қазақстанның рекордын орнатты.

Оқ пен стенд атудан лицензия берілетін әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыс пистолет пен мылтықтан стендтік ату және жылжымалы нысанаға оқ ату бойынша өткізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз