Нұрлан Исатаев дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

Сурет: Instagram.com/kaz_judoteam/
Хорватияның Загреб қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Онда біздің Нұрлан Исатаев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол әлем чемпионатының финалында 55 келі салмақ дәрежесінде грузин Мераби Самадашвилиді қосымша уақытта жеңді.

Шешуші шайқас жолында Исатаев Шахруз Шаназаров (Түркіменстан), Лев Срапян (Армения), Янг Джонатан (АҚШ) қарсыластарынан мықты болып шықты. Ол жартылай финалда жерлесі Оралбек Байзақпен де белдесті. Нәтижесінде Исатаев финалға дейін жетсе, Оралбек қарсы кездесуде қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар Сәбина Юлдашбекова қыздар арасында 40 келі салмақта күміс жүлдені жеңіп алды. Осылай, Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар және командалық есепте әзірге көш бастап келеді.

Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады