Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та мықты әрі тәжірибелі қарсыласын нокаутқа жіберді

Сурет: vk/Қазақстан және әлем спорт жаңалықтары
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (3-0, 2 КО) Тулса қаласында (АҚШ, Оклахома) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүсіпов никарагуалық Уистон Кампоспен (33-11-6, 19 КО) жекпе-жек өткізді. Жартылай орта салмақтағы бұл жекпе-жек сегіз раундтан тұруы тиіс еді. Бірақ бесінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Абылайхан Жүсіпов кәсіби мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді, ал Уинстон Кампос кәсіпқой рингте 12 мәрте жеңіліске ұшырады. Жүсіпов әуесқой бокстан әлем чемпионатының үш мәрте қола жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанған, сондай-ақ 2017 жылғы Азия чемпионатында күміс медаль иеленген.


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды