Мессидің голы MLS чемпионатында "Интер Майамиге" жеңіс әкелді

Сурет: Instagram/intermiamicf
"Интер Майами" аргентиналық футбол клубының шабуылдаушысы Лионель Месси "Нью-Йорк Ред Буллс" командасының қақпасына гол салып, MLS тұрақты чемпионатындағы алғашқы матчында ерекше көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Месси екінші таймда алаңға шығып, Интер Майами мен Нью-Йорк Ред Буллз арасындағы ойынның аяқталуына бір минут қалғанда гол соқты. Осылайша ойын 2-0 есебімен аргентиналық клубтың жеңісімен аяқталды. Мессидің бұл голы MLS (АҚШ және Канада футбол лигасы) чемпионатының дебюттік ойынындағы біріншісі болды. Сонымен "Интер Майами" үшін әр түрлі турнирлерде 9 матч өткізген 36 жастағы ойыншының активінде 11 гол бар.

Флорида құрамасындағы тағы бір допты Диего Гомес соқты. Осылайша, Интер Майами тұрақты чемпионатта жеңіске жетіп, 11 жеңіссіз ойын сериясын үзді. Қазір Месси ұжымы MLS Шығыс конференциясында 14-ші орында тұр, олардың активінде 21 ұпай бар.


Сондай-ақ тағы бір қызықты фактіні атай кеткен жөн. Қатарында Месси пайда болғалы "Майами" ықтимал 9 матчтың барлық тоғызында жеңіске жеткен әрі қарсыластардың қақпасына 27 рет гол соғылған. Тоғыз жеңістің үшеуі пенальти бойынша орындалыпты.

36 жастағы аргентиналықтың өзі осы кездесулерде "гол + пас" жүйесі бойынша 14 ұпай жинап, 11 гол соғып, үш рет сәтті пасс бере біліпті.  

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды