Грек-рим және әйелдер күресінен әлем чемпионатына кімдер баратыны белгілі болды

Сурет: olympic.kz
Сербияда өтетін күрес күрлерінен әлем чемпионатында грек-рим және әйелдер күресінен ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионаты 16-24 қыркүйек аралығында Сербияда өтеді. Ұлттық құрама бапкері Юрий Мельниченко 2024 жылғы Париж олимпиадасына жолдама берілетін жарысқа баратын балуандардың тізімін жариялады.

Олардың арасында бұдан бұрын әлем чемпионатында 2011 жылы күміс, 2010, 2015, 2019, 2021 жылдарда қола медаль алған Алмат Кебіспаев (67 келі) бар.

Өзге салмақтарда Марлан Мұқашев (55 келі), Олжас Сұлтан (60 келі), Мамырбек Мұхамедәли (63 келі), Ибрагим Магомадов (72 келі), Демеу Жадраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) ел намысын қорғайды.

Ал әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев Сербияға Марал Тәңібергенованы (50 келі), Алтын Шағаеваны (53 келі), Марина Седневаны (55 келі), Айнұр Әшімованы (57 келі), Диана Каюмованы (59 келі), Ирина Кнецованы (62 келі), Елена Шалыгинаны (68 келі), Жәмила Бақбергенованы (72 келі) және Інқар Жаңатаеваны (76 келі) алып барады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды