Юлия Путинцева US Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева "Үлкен дулыға" санатындағы US open турнирінің алғашқы айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингіде 78-орында тұрған Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 58-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте 6:0 есебімен жеңгенімен, екінші сет тай-брейкке дейін ұласып, онда италиялық теннисші басым түсті - 7:6(7:0).

Үшінші шешуі сет те тай-брейкке дейін жалғасты. Онда да Мартина Тревизан жеңді 7:6(10:8).

Қазақстандық теннисші тартысқа толы матч кезінде бір эйсті орындап, үш қос қателік жасады. Ол 19 брейк-пойнттың тек сегізін сәтті пайдалана алды.

Осылайша, қазақстандық теннисші US Open 2023 турнирін аяқтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды