Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: Facebook/Қазақ күресі
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жанынан "Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ құрылды. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды", делінген хабарламада.

Бейбіт Абдрахманұлы Ыстыбаев — Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында 1985 жылы туған. Үш дүркін "Қазақстан барысы". Еуразия барысында алтын белдік иеленген. Жамбыл облысы мәслихатының жетінші шақырылым депутаты, "Жекпе-жек" клубының директоры болған.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады