Қазақстандық жас теннисшілер Алматыда өткен турнирде үздік шықты

Қазақстандық жас теннисшілер Алматыда 18 жасқа дейінгілер арасында Алматыда өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекелей сында 17 жастағы Виталий Зацепин финалда өзінен екі жас кіші Заңғар Нұрланұлымен кездесті.

Тәжірибесі мол Қарағанды теннис мектебінің түлегі Зацепин 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұл оның ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулы еді. В.Зацепин Қазақстандағы жеңісі аса маңызды екенін жеткізді.


"Финалда жеңіліп қалғаныма қарамастан, өз өнеріме қанағаттанамын. Алда тағы бір дода бар. Бір аптадан кейін Шымкентке барамын, онда да бар күшімді саламын". Заңғар Нұрланұлы

Жұптық сында финалда Зацепин мен Ілияс Маратұлын 6:4, 6:3 есебімен ұтқан Ерасыл Ерділдә - Жақас Қозыбақ үздік шықты.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова соңғы бәсекеде Беларусь өкілі Юлия Перепехинаға жол берді - 0:6, 4:6. Жұптық сында да ол Әдемі Аманкелдімен бірге аса тартысты матчта беларусьтық спортшы Ю.Перепехина - Ксения Смирноваға жол берді - 2:6, 6:3, 17:19.

Жасөспірімдерден 14 жасқа дейінгілер де қалысар емес. Әмина Нұрмахан Испанияда бірінші санаттағы Tennis Europe турнирінде абсолютті чемпион атанды. Ол жекелей сында испаниялық Кармен Мария Муноздан басым түсті - 6:2, 6:4. Жұптық сында Әмина испаниялық София Дрозденкомен бірге корт иелері Анна Кесарес - Ирен Осариостан айласын асырды - 6:1, 6:0.

Грекияда үшінші санаттағы Tennis Europe жарысында Роберт Каминский финалда грекиялық Заваргинос Атансиосты қапы қалдырды - 6:2, 6:2.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: