Президент әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанды тарихи жеңісімен құттықтады

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
19 қыркүйек күні таңертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің құттықтауы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

"Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", – деді президент.

Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған жетістік тіркелді. 92 келі салмақта еркін күрестен қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан алтын медаль жеңіп алды. Балуандарымыз бұл белесті бұрын бағындырмаған еді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз