Азиада-2022: Елена Потапенко қазіргі бессайыстан Олимпиада лицензиясын иеленді

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша отандасымыз 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-ші орынға ие болды, бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестікке көтерілді. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі - 1340 балл.


"Осыған дейін айтқанымдай, Азиадаға қатысудағы мақсаттың бірі - Париж Олимпиадасына лицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгі нәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.


Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді