Әділбек Мусин Азия ойындарында екінші медальды қанжығасына байлады

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстан спортшысы Әділбек Мусин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында 50 метрге көбелек әдісімен жүзуден финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз Әділбек Мусин 50 метр қашықтықта көбелек әдісімен суға жүзуден 23,44 секунд уақыт көрсеткішін көрсетіп, үшінші орын иеленді.

2023 жылы 27 қыркүйекте ол 100 метр қашықтықта осы тәсілмен жүзуден қола жүлдегер атанған болатын. 

Су спорты федерациясының президенті Андрей Крюков Ханчжоуда өткен Азия ойындарында сәтті өнер көрсете білген Әділбек Мусинді құттықтады.

"Алтын медальға кішкене ғана жетпей қалды, ештеңе етпейді, жұмыс істейтін боламыз. Әділбек күн өткен сайын білігін жақсартып, соған сәйкес нәтижесі де дәйекті түрде жақсарып келеді. Командамыз жас және резерв тарапынан жақсы потенциал барын байқап отырмыз. Қыркүйек айының басында суға жүзуден жастар арасындағы Әлем чемпионатында біздің барлық жас финалдан көрінді. Жалпы, біздің спортшылардың нәтижелері болашаққа оптимистік көзқараспен қарауға негіз бере алады".

Су спорты федерациясының президенті Андрей Крюков

Қазақстан құрамасының қоржынында 22 медаль бар: 3 алтын, 3 күміс және 16 қола.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді